BANNER

Құлағын кесіп алған: Атырау облысында ер адам баласымен сөзге келіп қалған жігітті жарақаттады

Фото: ИИ - Canva.pro

Оқиға 2 қаңтар күні Миялы ауылында болған. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Анықталғандай 49 жастағы күдікті өзінің 25 жастағы ұлы мен 24 жастағы жәбірленуші арасындағы келіспеушіліктен кейін пышақпен кейінгісінің құлағын жарақаттаған.

«Аудандық ауруханаға сол жақ құлақ қалқаны мен құлақ маңайы аймағындағы жарақатпен ер азамат жеткізілді. Дәрігерлер шұғыл  көмек көрсетіп, қанды тоқтатты. Науқастың жағдайы тұрақты, ол дәрігерлердің бақылауында», - дейді дәрігерлер.

Полиция «денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.