BANNER

Оқу ақысын төлей алмайтын студенттерге төмен пайызбен несие беріледі

1

2023 жылдан бастап қазақстандық студенттер оқу ақысын төлеу үшін банктерден 2-3%-дық несие рәсімдей алады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

"Біз бұрын болған қаржыландыру және кредит алу моделін мұқият қарастырып жатырмыз. Несиені екінші деңгейлі банктер береді. Студент өз атына 2-3%-дық кредит рәсімдей алады", - деді министр Үкімет кулуарында тілшілер сауалына берген жауабында.

Сонымен қатар, Саясат Нұрбек тығыз қоныстанған және жаңадан құрылған Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарының талапкерлеріне грант бөлу жалғасатынын атап өтті.

Айта кетсек, бұдан бұрын министр Назарбаев Университетіне бөлінетін қаражат 25 млрд теңгеден 15 млрд теңгеге дейін қысқарғанын мәлімдеген.