Аспандияр мен Қуаныш Ертіс жағалауымен серуендеп жүрген. 11 жастағы Қуаныш жарға тым жақындап кетіп, суға құлаған. Оның жүзе алмайтынын білетін досы Аспандияр көмекке ұмтылады. Бірақ екеуі де бата бастайды.
Аға сержант Азамат Саянов осы уақытта жақын маңда паромда туыстарын қарсы алып жатқан. Ол балалардың айқайын естиді.
"Өзен бұл жерде айтарлықтай терең және ағысы да қатты. Мен бала кезімнен жүзумен айналысамын. Сондықтан балаларды алып шығу қиындық тудырмады", - дейді полицей.