BANNER

Рамазан айын қалай өткізу керек?

Фото: Google

Барша мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті Рамазан айы жақындап келеді. Ораза ұстаған жандарға Алланың сауабы молынан төгіледі. Сондықтан Рамазан айын рухани және физикалық тұрғыдан дұрыс өткізу маңызды. Бұл дайындық оразаны қиындықсыз әрі жеңіл өткізуге көмектеседі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2025 жылға арналған Рамазан айының кестесін жариялап, биылғы Рамазан айы 28 ақпаннан 1 наурызға қараған түні басталатынын хабарлады.

Әлбетте, Рамазан айына үлкен дайындықпен қадам басқан жөн. Ең алдымен, осы айдағы оразаны кемшіліксіз өткізуге ниет ету керек. Сонымен қатар, ауыз бекіткен адам «ораза ұстап жатырмын» деп, үйден шықпай қалуы дұрыс емес. Ораза ұстаған адамның оқуына немесе жұмысына оразасы кедергі болмауы тиіс. Бұл айда отбасыңызға, бала-шағаңызға көңіл бөліп, уақытты жақындарыңызбен өткізуге мән беріңіз.