BANNER

Жамбыл облысында атыс болып, төрт адам жараланды

Фото: Жамбыл облысы полиция департаменті

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында төрт ер адам оқ жарақатын алып, полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 29 шілде күні болған.

“29 шілде күні шамамен 21:30-да Жамбыл облысы Мойынқұм ауылында аудандық ауруханаға төрт ер адам оқ жарақатымен жеткізілді”, – делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер травматикалық қарудан жараланған.

“Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 2-бөлігі бойынша (Адамдар тобымен, алдын ала сөз байласу арқылы немесе бұзақылық ниетпен екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу) қылмыстық іс қозғалды”, – деп хабарлады ведомство.

Құқық қорғау органдары күдіктілерді анықтап, ұстау үшін жедел-іздестіру шаралар жүргізіп жатыр.

“Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды”, – делінген хабарламада.