Теміртауда су тапшы: Әкімшілік ауыз су беру кестесін сақтай алмады

Теміртауда су тапшы: Әкімшілік ауыз су беру кестесін сақтай алмады

Теміртау қалалық негізгі су құбырындағы апатты жағдайға байланысты тұрғындарға суық су беру кестесі бұзылды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қала әкімі өзінің инстаграм парақшасында негізгі су құбырындағы апатты жағдайға байланысты тұрғындарға суық су беру кестесі бұзылғаны туралы бейнежазба жариялаған болатын.

life09

«Құрметті Теміртаулықтар өздеріңізге белгілі негізгі су құбырындағы апатты жағдайына байланысты бүгінгі су беру кестесін сақтай алмадық. Оқжетпес-Т" ЖШС апаттық бригадасының жұмыстары аяқталды, біртіндеп трассаны толтыру жұмыстарына кірісеміз. Ертеңгі ауыз су беру кестесін орындаймыз деп үміттенеміз», - деді қала әкімі Ораз Тәуірбеков.

Теміртау қалалық әкімдігі инстаграм парақшаларында гидравликалық режимнің тұрақталғаны және алдағы уақытта су берілетіні туралы жазды.

«Оң жағалау тұрғындарымен ескі қала және әлеуметтік бөліктегі қала тұрғындары үздіксіз сумен қамтамасыз етілген. Қаланың орталық бөлігіне апаратын жол толып, гидравикалық режим тұрақтандырылды. Орталық аудандар жақын арада сумен қамтамасыз етіледі».

life09

Сондай-ақ, тұтынушылардың өтінімдері бойынша су тасымалдау ұйымдастырылады. Ол үшін +7 702 320 65 92 сенім телефоны жұмыс істейді.