"Қазгидромет" синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.
Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 23 м/с артады. Түнде өңірдің солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Шымкент қаласында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысы мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде өңірдің батысында, оңтүстігі мен орталығында екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірдің шығысында кей уақытта жылдамдығы 25 м/с күшейеді.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде өңірдің шығысында күші 15-20 м/с артады.
Астана қаласында түнде және таңертең тұман болжанады.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысын тұман басады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз өңірдің оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.
Павлодар облысының оңтүстігі мен батысында жел соғады, екпіні 15-20 м/с артады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 25 м/с артады.
Түнде 10-12 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман болжанады. Желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетуі ықтимал. Түнде таулы аудандарда 3 градус үсік күтіледі.