BANNER

8 ақпан күні бүкіл Қазақстанда сирена қосылады

Фото:pixabay.com

"Баршаның назарына!" дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 8 ақпан күні сағат 12.55-де (Астана уақыты бойынша) барлық дыбыстық электр дабылы қосылады ,- деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі zakon.kz сілтеме жасап.

 

2024 жылғы 8-9 ақпанда елімізде "Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау" тақырыбы бойынша "Көктем-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Ақтөбеде орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы барлық өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.


"Сонымен қатар "Баршаның назарына!" дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 8 ақпанда, сағат 12.55-де (Астана уақыты бойынша) барлық дыбыстық электр дабылы қосылады. Тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз".
ҚР ТЖД