Белгілі тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті

Сурет: Ашық дереккөз

Белгілі тележурналист, телевизия саласының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар 75 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Тілеуқабыл Мыңжасар 1952 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. 1975 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Сол жылы оның алғашқы хабары эфирге шықты.

«Хабар» агенттігінде құрылған күннен бастап жұмыс істеді. 1998 жылдан телеарнаның Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарды.