Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Масс-медиа қызметкерлері күніне орай Президент Жарлығымен белгілі журналист, «Saryarqa aqparat» медиахолдингінің директоры Қайрат Әбілда «Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Қайрат Жүнісұлы Әбілда Шет ауданы Киікті ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1997 жылы облыстық "Орталық Қазақстан" газетінің тілшісі болып бастаған. Әр жылдары "Сарыарқа самалы" газетінің бөлім меңгерушісі, "Қазақ спорты", "Sport" республикалық апталықтарының шолушысы, "Шахтер" ФК медиа-офицері, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің баспасөз қызметінің жетекшісі, жеке тілші, "Егемен Қазақстан" республикалық газетінің Қарағанды облысы бойынша бөлім меңгерушісі, сол газеттің бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған. 2022 жылдан «Saryarqa aqparat» медиахолдингінің директоры қызметінде.
Қарағанды облысы әкімінің "Алтын сұңқар" сыйлығының (2006 ж.) және С. Бердіқұлов атындағы республикалық конкурстың (2007 ж.) лауреаты, "ҚР ақпарат саласының үздігі" төсбелгісінің иегері (2019 ж.).