Енді қарызы бар қазақстандықтардың банктік шоттары толық бұғатталмайды

Фото: Life 09

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі stankznews телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тек қарыз сомасына ғана тыйым салынады.

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков заңнамаға енгізілетін өзгерістер туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді.
 

“Жүйені жетілдірдік, жеке сот орындаушысы тек сіздің қарыз сомасына ғана тыйым салатын болады. Енді бүкіл шот бұғатталмайды. Қазір бұл жұмысты банктермен бірлесіп жүргізіп жатырмыз, тиісті хаттар жіберілді, жақын уақытта бұл қызмет іске қосылады", – деді ол.