Кеншілер шаһарында мәдениет саласының үздіктеріне облыс әкімінің сыйлығы табысталды

Saryarqanews.kz

Қарағанды қаласында кәсіби мереке қарсаңында ең үздік мәдениет және өнер қызметерлеріне сыйлықтар табыс етілді, деп хабарлайды Saryarqanews тілшісі.

Салтанатты шара С. Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының сахнасында өтті. Пандемия жылдарынан кейін аталмыш шара ерекше форматта басталды.

Қызыл кілемде кеш қонақтарын Нургул Өміртаева мен Давид Каримов қарсы алып түрлі сауалдар қойды. Сонымен қатар театр холында арнайы көрме ұйымдастырылды. Биыл байқауға 115 өтінім келіп, оның ішінде 23 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.

-Біздің өмірімізді картиналарсыз, театр спектакльдерінсіз, кинофильмдерсіз, әдебиетсіз елестету қиын. Сіздер, шығармашылық мамандықтардың өкілдері, мәдениеттің дамуына үлес қосып қана қоймай, рухани мұрамызды сақтап қаласыздар, – деп құттықтады аймақ басшысының орынбасары Ербол Әліқұлов.

1

Мәдениет пен өнердің үздік қызметкерлеріне арнайы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.«Алтын жолақ» номинациясының жеңімпазы Ілияс Мұқай бүгінгі таңда облыстық "Орталық Қазақстан" газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқарады. Ол жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарды құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

«Бүгін мәдениет майталмандыра үшін керемет керім кеш болды. Барлық жүлдегерлер мен өнер майталмандарды облыс әкімінің атынан тағайындалып жатқан жүлделерімен құттықтаймын. Маған «Алтын жолақ» номинациясы бұйырған екен. Бұл менің ұзақ жылғы шығармашылық еңбегіме берілген баға деп ойлаймын. Мені қолдаған жандарға алғыс білідіремін», - дейді «Алтын ақын Ілияс Мұқай.

3

2022 жылы Қарағанды облысы әкімінің мәдениет және өнер саласындағы сыйлығының жеңімпаздары:

Мамандыққа адалдығы үшін" бас марапатының және миллион теңге сертификатының иегері сахна ардагері, С. Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрының актері Мекен Қисықов болды.

- "Жыл әртісі" – Рахат Қошжанов, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды мемлекеттік драма театрының әртісі.

- Андрей Марычев – К. С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театрының актері;

- "Жыл әртісі" – Ирина Мальчихина, Теміртау балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы:

- "Үздік эпизодтық рөл" – Виталий Ковалев, Қарағанды музыкалық комедия театрының әртісі;

- "Жылдың үздік театр режиссері" – Дунай Еспаев, режиссер, К. С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театрының жетекшісі;

- "Эстрада жанрындағы жылдың үздік вокалисі" – Алуа Вали, Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің "Әуен " ансамблінің солисі;

- "Классикалық жанрдағы жылдың үздік вокалисі" – Анаргүл Наурызхан, солист, Осакаровка кентінің мәдени-сауық орталығының музыкалық жетекшісі;

- "Халық әнінің үздік орындаушысы" - Медет Осатаев, Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің "Арай" ансамблінің солисі;

- "Жыл аспапшысы" – Наталья Катанцева, Е. Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрінің әртісі;

- Татьяна Батырева, Қарағанды музыкалық комедия театры оркестрінің әртісі;

- "Солист-инструменталшы" – Сәуле Рахымғалиева, Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің әртісі;

- "Жыл дирижері" – Байқара Сәдуақасов, Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің "Арқа сазы" фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі;

- "Жыл композиторы" – Марат Сүтішев, композитор, Тәттімбет атындаүы Қарағанды өнер колледжінің оқытушысы;

- "Жыл хореографы" – Динара Абдрахманова, Балқаш қаласы Мәдениет сарайының Струсинских атындағы "Ветерок" үлгілі хореографиялық ансамблінің бас балетмейстері;

- "Үздік балет және хореографиялық ұжым әртісі" – Руслан Гамидов, Қарағанды музыкалық комедия театрының балет әртісі;

- "Көркемөнерпаздар ұжымының үздік жетекшісі" – Марина Бакенова, Теміртау қаласының "Ронд" би-спорт клубының жетекшісі;

- "Бос уақытты үздік ұйымдастырушы" – Галина Мамлютова, Абай ауданының мәдени-демалыс орталығының әдістемелік бөлімінің меңгерушісі;

- "Ауылдың үздік мәдениет қызметкері" – Анар Тәжібекова, Шет ауданының мәдени-сауық орталығы әдістемелік бөлімінің меңгерушісі;

- "Ауылдың үздік кітапханашысы" – Замзагүл Сатекова, Ақтоғай ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры;

- "Алтын шумақ" – Ілияс Мұхаев, облыстық "Орталық Қазақстан" газеті бас редакторының орынбасары;

- Ерік Нарын, ақын, облыстық SARYARQA телеарнасының редакторы;

- "Үздік кітапханашы" – Балбөпе Мусина, Жезқазғанның орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітаптарды толықтыру және өңдеу бөлімінің меңгерушісі;

- "Үздік айтыскер" – Мақсат Аханов, Қарағанды облысының айтыскері;

- "Үздік мұражай қызметкері" – Татьяна Хмелева, Теміртау тарихи-өлкетану мұражайының аға ғылыми қызметкері;

- "Жылдың үздік суретшісі" – Александр Лапин, қоюшы суретші, Саңыраулар мәдениет үйінің Қарағанды халық мимика және ым-ишара театрының көркемдік бөлімінің меңгерушісі;

"Мамандығына адалдығы үшін" – Мекен Қисықов, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды мемлекеттік драма театрының актері

 

Мерекелік шараға танымал қазақстандық HASSAK фолк-тобы, музыкант-джазмен Оралхан Алтынбеков, блогер Арыстан Әбілдин сонымен қатар тағыда басқа өнерпаздар қатысты.

Аяжан ЕРАЛЫҚЫЗЫ