Мемлекеттік қызметкерлердің айлығы кемінде әр үш жыл сайын өседі

Фото: Aqorda

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі stankznews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңға, сондай-ақ мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды.

Енді мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы кемінде үш жылда бір рет көтеріліп отыруы тиіс.

Қызметкерлерге қоныс аударған кезде тұрғын үй төлемдері беріледі, жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларға қолжетімділік және балаларын балабақшаға кезектен тыс орналастыру құқығы ұсынылады.

Сондай-ақ еңбек өтілі 25 жылдан асқан әрі марапаттары бар қызмет ардагерлеріне зейнетке шыққан кезде біржолғы төлем қарастырылған.