Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза өткен жылы Үкімет сағатында Ішкі істер министрінен жоғалған смартфонын тауып беруге көмек сұраған болатын.
Сол кезде ІІМ басшысы Ержан Сәденов депутаттың телефоны «сұр схемамен» әкелінген, яғни «пираттық» болуы мүмкін екенін айтқан еді. Министр азаматтарды құрылғы сатып аларда мұқият болуға шақырып, жоғалған телефонды іздеп табуға уәде берген.
Алайда Самат Нұртазаның айтуынша, арада біраз уақыт өтсе де, смартфон әлі күнге дейін табылмаған.
Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі ztb_qazaq телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Телефоным әлі табылған жоқ»: депутат ІІМ-ге өкпесін білдірді
Фото: Life09
