Теміртауда автобус жүргізушісі мен жолаушысы «тамақ» үшін дауласып қалған

Фото: Life09

Полиция мәліметінше, жүргізуші автобуста тамақтанып отырған жолаушымен дауласқан.

Ол қоғамдық көліктегі белгіленген тәртіп ережелеріне сүйеніп, жігіттен көліктен түсуді талап еткен.

Жолаушы өз кезегінде артын жинап, автобустан түсіп қалған.

43 жастағы жүргізушіге қатысты қоғамдық орында бейәдеп сөздер айтқаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Видео: v.temirtau