Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындау туралы қаулы етеді. Мәслихаттар халық тарапынан жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайланады. Алдағы сайлау шеңберінде 228 мәслихатта 3 447 депутатты сайлау жоспарланған. Атап айтқанда, 668 мандат - 20 облыстық мәслихатта, 626 мандат - 38 қалалық мәслихатта және 2 153 мандат - 170 аудандық мәслихатта қарастырылған.
Мәслихат депутаттарының сайлауы 29 қарашада өтеді
Сурет: ОСК