BANNER

Путин Қазақстанға келеді

ашық дереккөз

Ресей президенті Владимир Путин қазан айында Нұр-Сұлтанға Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске және ТМД саммитіне қатысу үшін келеді, деп хабарлайды LIFE09  ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ресей президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков айтты.

"Нұр-Сұлтанда өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске президентіміздің қатысуы қаралып жатыр. Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда ТМД саммиті өткізіледі. Бұл қазан айының ортасына дәлірек айтсақ, 12-14 қазанға келеді", - деді Ушаков журналистерге.

Сонымен қатар, Ушаковтың айтуынша, Қазақстанда Путинмен өтетін кездесу жоғары деңгейде яғни, "Ресей – Орталық Азия" форматында өткізу жоспарланған.

Бұған дейін Қазақстан мен Ресей президенттері 19 тамызда Сочиде кездесті. Сол кезде Тоқаев пен Путин екі елдің қарым-қатынасының дамуына қанағаттанғанын атап өтті.