BANNER

«Барселона» мен «Атлетико» арасындағы драмаға толы ойын

Сурет: fcbarcelona.com

Испания Кубогының жартылай финалындағы алғашқы матчта «Барселона» мен мадридтік «Атлетико» тартысты ойын көрсетті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Қонақтар кездесуді қарқынды бастап, 6-минутта-ақ есепті 0:2-ге жеткізді. Голдардың авторы – Альварес пен Гризманн. Дегенмен бұл нәтижеге Ханси Фликтің командасы тез жауап қайтарды: каталондықтар 21-минутта таразы басын теңестіріп, ал алғашқы таймның соңында Иньиго Мартинестің голының арқасында алға шықты.

Екінші таймда «Барселона» тағы бір доп соғып, есеп айырмасын арттырғанымен, «Атлетико» ойыншылары 84-минуттан кейін екі рет мергендік танытып, матч соңына қарай есепті теңестірді.

Осылайша, «Монтжуик» стадионында өткен бірінші кездесу 4:4 есебімен аяқталды. Қарымта ойын 3 сәуірде «Метрополитанода» өтеді.