Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан дәстүрлі Странджа халықаралық турнирінің алғашқы күні төрт қазақстандық шаршы алаңға шығып, біреуі жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
Нақтырақ айтсақ, қазақстандық боксшы Дәулет Молдашев Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Странджа кубогіндегі алғашқы айқасында-ақ жеңіліп қалды.
57 келіде өнер көрсететін отандасымыз 1/8 финалында әзербайжандық Залимхан Сулеймановпен жұдырықтасты. Бірінші раундта әзербайжандық боксшы 4:1 есебімен басым түсті. Екінші раундта қазақ боксшы есесін қайтарғандай болды. Дегенмен үш раунд қорытындысы бойынша Сулейманов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Ал, 67 келі салмақта ел намысын қорғаған Санатәлі Төлтаев бірінші айқасында қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, турнирдің келесі айналымына өтті. Ол алғашқы жекпе-жегінде Болгария боксшысын 5:0 есебімен жеңді.
Сонымен қатар, кеше алғашқы жарыс күні қазақстандық Төрехан Сабырхан мен Серік Теміржанов жекпе-жексіз келесі айналымға жолдама алады. Қос боксшымыздың қарсыластары да Өзбекстанның Олимпиада чемпиондары болатын. Екеуі де шаршы алаңға шықпай қалды.
Өзбекстан Бокс федерациясының Instagram парақшасындағы ресми ақпарат бойынша, Абдумалик Халоков (60 келі) кәсіби рингтегі жекпе-жегінің уақыты өзгеруіне байланысты жаттығу жиынынан өту үшін Испанияға аттанып кеткен. Ал, Асадходжа Муйдинходжаев (67 келі) турнирге дайындық барысында алған жарақатынан толық сауыға алмауының салдарынан Төреханмен жекпе-жектен бас тартқан.
Осылайша, Төрехан Сабырхан мен Серік Теміржанов жекпе-жексіз келесі айналымға өтті.