BANNER

Абиба Әбужақынова алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды

Сурет: olympic.kz

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Абиба Әбужақынова Олимпиададан кейінгі бірінші жарысын сәтсіз бастады. Отандасымыз Абу-Дабидегі (БАӘ) Grand Slam турнирінің ширек финалында жеңілді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Айта кетелік, Әбиба Әбужақынова өнер көрсететін 48 келіге дейінгі салмақта барлығы тоғыз спортшы белдеседі. Қазақстандық спортшы турнирді бірден ширек финалдан бастаған. Бұл кезеңде ол ресейлік Марина Воробьевамен күрескен еді. Бұл белдесуде ресейлік боз кілем шебері отандасымызды мерзімінен бұрын жеңіп, келесі айналымға өтті. Әбужақынова енді жұбаныш белдесуінде өнер көрсетеді.