Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 2-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен өзара кім мықтыны анықтады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
Нәтижесінде Елена Рыбакина екі сет қорытындысы бойынша 2:0 (7:5, 6:1) есебімен жеңіске жетті. Бір сағат 35 минутқа созылған ойында Рыбакина 11 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін өз пайдасына шешті. Елена Рыбакина ақтық сын жолдамасы үшін америкалық Джессика Пегуламен сынға түседі.
