Футбол үйінде Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) кезектен тыс ХХVI конференциясы өтіп, ҚФФ президентін сайлау күні бекітілді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.
Конференция барысында Ә.Н. Барменқұловтың өз еркімен қызметінен кетуіне қатысты маңызды сұрақтар қаралып, ҚФФ кезектен тыс сайлау конференциясының өтетін уақыты бекітілді.
Күн тәртібінде 2024 жылдың 20 желтоқсан күніне бекітілген кезектен тыс сайлау конференциясының төрағасы ретінде Талғат Қосмұхамбетовті тағайындау туралы шешім қабылданды.