Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшылардың жартылай финалдағы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Жарыстың аталған сатысында ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов, Сәкен Бибосынов, Оразбек Асылқұлов, Ертуған Зейнуллинов, Сабыржан Аққалықов, Абылайхан Жүсіпов сынға түседі.
11 желтоқсан
48 келі. Теміртас Жүсіпов — Эдмонд Худоян (Ресей)
54 келі. Сәкен Бибосынов — Тапа Чандра Бахадур (Непал)
57 келі. Оразбек Асылқұлов — Андрей Пегливанян (Ресей)
63.5 келі. Ертуған Зейнулинов — Илья Попов (Ресей)
71 келі. Абылайхан Жүсіпов — Ихтияр Нишонов (Қырғызстан)
75 келі. Сабыржан Аққалықов — Фазлиддин Еркинбоев (Өзбекстан)
Ал, қазақстандық Даниял Сәбит (51 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (67 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (86 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі), Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) жарысты ерте аяқтады.
IBA турнирі 3-13 желтоқсан аралығында Дубайда ұйымдастырылады. Бұл бәсекеде 13 салмақ дәрежесі белгіленген, ал жүлде қоры өте жоғары: чемпиондар — 300 мың доллар, күміс жүлдегерлер — 150 мың доллар, қола жүлдегерлер — 75 мың доллар, ал ширек финалистер 10 мың доллар алады.
