BANNER

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы финалға өтті

Сурет: Спортты дамыту дирекциясы

2025 жылғы қысқы Азия ойындарында шорт-тректен 2000 метрге аралас эстафетада отандастарымыз 2:46,491 секунд уақыт көрсетіп, финалға шықты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Ақтық сайыс 8 ақпанда өтеді.

Айта кетейік, шорт-тректен Қазақстан құрамасы аралас эстафетадан жартылай финалға жолдама алды. IX қысқы Азия ойындарында шорт-тректен 2000 метрге аралас эстафетада ширек финалда жарысқан қазақстандықтар 2:45.431 уақытпен мәре сызығын бірінші болып кесті.