BANNER

«Жібек жолы» турнирі: 14 сәуірде ел құрамасынан кімдер сынға түседі

Сурет: ҚБФ

Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан «Жібек жолы» халықаралық турнирінің жартылай финалында 14 сәуірде ел құрамасынан кімдердің шаршы алаңға шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Халықаралық турнирде бүгін қазақстандық он сегіз былғары қолғап шебері сайысқа түседі. Олардың 5-і ерлер, 13-і әйелдер құрамасында бақ сынайды. 

Ерлер:

67 келі. Бекбауов Дулат — Исгандаров Наби (Әзербайжан)

67 келі. Көшербай Асылхан — Куол Евгений (Ресей)

71 келі. Мұрсал Нұрбек — Абдумуталиев Сардор (Өзбекстан)

75 келі. Бегалиев Санжарәлі — Кушков Амин (Ресей)

86 келі. Мамыр Даурен — Юлдашев Жасурбек (Өзбекстан)

Әйелдер:

48 келі. Бөрібаева Гүлназ — Патлай Лиия (Ресей)

50 келі. Элянур Тұрганова — Сабина Бабакулова (Өзбекстан)

52 келі. Садуақасова Анжа — Валерия Линкова (Ресей)

52 келі. Мырзақұл Томирис — Рахимова Зейнаб (Әзербайжан)

54 келі. Базарова Элина — Бахия Ибрахимова (Әзербайжан)

54 келі. Әлиасқар Сымбат — Дария Пантелеева (Ресей)

57 келі. Байдукова Виктория — Микайлова Айнұр (Әзербайжан)

70 келі. Исина Әзиза — Витова Ангелина (Ресей)

81 келіден жоғары. Исламбекова Дина — Рзаева Айнұр (Әзербайжан)

Жекпе-жектер Қазақстан уақытымен сағат 13:00-де басталады.

Айта кетсек, 13 сәуірде ширек финалда жұдырықтасқан қазақстандық он бес боксшының алтауы жартылай финалға жолдама алды.