BANNER

«Жібек жолы» турнирі: 15 сәуірде ел құрамасынан кімдер сынға түседі

Сурет: ҚБФ

Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан «Жібек жолы» халықаралық турнирінің финалында 15 сәуірде ел құрамасынан сынға түсетін боксшылардың қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Халықаралық турнирде бүгін қазақстандық алты былғары қолғап шебері сайысқа түседі.

Олардың 3-і ерлер, 3-і әйелдер құрамасында бақ сынайды. 

Ерлер:

54 келі. Бағлан Кенжебек — Максим Кузнецов (Ресей)

71 келі Нұрбек Мұрсал — Игорь Свиридченков (Ресей)

75 келі. Санжарәлі Бегалиев — Сеиджамшид Жафаров (Әзербайжан)

Әйелдер:

52 келі. Анжа Сәдуақасова — Зейнаб Рахимова (Әзербайжан)

54 келі. Элина Базарова — Дарья Пантелеева (Әзербайжан)

57 келі. Виктория Байдукова — Дария Абрамова (Ресей)

Жекпе-жектер Қазақстан уақытымен 12:00-де басталады.

Айта кетейік, дүбірлі дода 16 сәуірге дейін жалғасады.