2026 жылы Қазақстанда ауқымды конституциялық реформа жүзеге асырылуда. Негізгі заңға ұсынылған өзгерістер Конституцияның 77 бабын қамтып, оның жалпы мазмұнының 84 пайызын құрайды.
Реформа аясындағы барлық отырыстар тікелей эфирде көрсетіліп, қоғам үшін ашық әрі қолжетімді форматта өтті. Бұл процестің ашықтығын қамтамасыз етіп, азаматтардың белсенді қатысуына мүмкіндік берді.
Жаңа Конституцияның басты бағыты
Жаңартылған Конституция адамға және елдің орнықты дамуына бағытталған. Негізгі басымдықтар:
• Адамға бағдарлану
• Халық құндылықтарын бейнелеу
• Билік тиімділігін арттыру
Конституциялық реформа — ел дамуының жаңа кезеңіне қадам жасап, әділетті әрі тиімді мемлекет қалыптастыруға бағытталған маңызды өзгеріс.
2026 жыл: Конституциялық реформа
Фото: Life09
