Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен елдегі ахуалға қатысты кеңес өтіп жатыр. Жиын барысында Президент экс-премьер-министр Асқар Маминге алғыс айтты.
"Құрметті жиынға қатысушылар! Асқар Ұзақпайұлы Мамин отставкаға кетуге өтініш жазды. Мен бұл өтінішті орындадым. Асқар Ұзақпайұлы үш жылға жуық біздің үкіметімізді абыроймен басқарды. Ол жұмыс барысында, әсіресе әлемдік пандемия кезінде өзінің еңбекқорлығы мен жауапкершілігі жоғары жан екенін көрсетті. Сондықтан да, оған алғыс білдіремін. Ал, премьер-министрдің міндетін білікті жетекші, тәжірибелі экономист Әлихан Смаилов атқарады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.