BANNER

"Ұлтабар ханыммын": Ерке Есмахан өзін құттықтап жатқан халыққа алғыс айтты

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Үшінші ұлын дүниеге әкелген әнші Ерке Есмахан оқырмандарына  сәлем берді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол жүкті кезіндегі суретін жүктеп, қалай босанғанын айтып берді. 

 "Ұлтабар ханымнан қазақ еліне жалынды сәлем! Қарашада өткен концертке бір апта қалғанда жүкті екенімді білдім. Концертте құдай аузыма салып, тағы да ұл сыйлаймын деп едім. Періштелер әумин деген шығар?! Қыз дайын болса, ұл дайын деп перзентханаға шықтық. 10 маусым күні толғақ басталды. 11 маусым күні кеште перзентханаға келдік. 19:48-де дүние есігін ашты. Есік алдын жинап жүргенде уақыты келгенін ішім сезді”, – деп жазды әнші. 

Одан кейін барша құттықтап жатқан жандарға алғыс айтып, жұғысты болуын тіледі. 

“Құттықтап, ақ тілегін жаудырып жатқан баршаңызға мың алғыс! Қазақ халқына алғысым шексіз. Үйлеріңнен сәбидің күлкісі кетпесін. Бар жақсылық сіздерге де жұғысты болсын!”, – деп жазды.