Ақтөбе облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

Фото: ЖИ ChatGPT

Ақтөбе облысының Байғанин ауданында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, салдарынан бес адам көз жұмды. Оқиға ВАЗ автокөлігі мен DAF жүк көлігінің қатысуымен болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Қайтыс болғандардың арасында кәмелетке толмаған бала да бар.

Полицияның мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.