Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт сөндірілді

Фото: Life09

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минут ішінде жеткен.

Әртүрлі орындарда үш ашық жану ошағы анықталған.

Өртті сөндіруге 140-тан астам қызметкер және шамамен 40 бірлік техника жұмылдырылды.

ТЖМ күштерімен өрт 300 ш.м. аумақта толық сөндірілді.