BANNER

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Фото: unsplash.com

Қазақстан аумағында 17-19 мамырда жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Алдағы үш тәулікте Қазақстанға Қара Теңіз ауданынан ауысатын циклон елдің ауа райын анықтайтын болады. Осыған байланысты еліміздің көптеген облыстарында жаңбыр жауады: 18-19 мамырда оңтүстікте, оңтүстік - шығыста, 19 мамырда солтүстікте нөсер жаңбыр жауады. Республика бойынша найзағай жарқылдап, бұршақ жауып, жел күшейеді. Оңтүстік-батыста дауыл соғады», – делінген синоптиктердің хабарламасында.