Алмасбек Садырбайдың сотында журналистерге түсірілім жасауға шектеу қойылды

Фото: Life09

Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Алмасбек Садырбай қатысты сот процесі Қонаев қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Ашық форматтағы сот отырысында журналистерге фото және видео түсіруге рұқсат берілмеген. Сондай-ақ аудиожазба жасауға да шектеу қойылған. Тіпті сотталушының өзі сұхбат беруге келіскені айтылды.

Тергеу мәліметінше, Алмасбек Садырбай мемлекеттен субсидия алатын жалған ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Келтірілген шығын көлемі 1,2 млрд теңгеден асады.