Алматыда бес жасар бала 6-қабаттағы ашық терезе алдында тұрған

Фото: Canva

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady-ға сілтеме жасап хабарлайды.

112 қызметіне түскен шұғыл шақыртудан кейін құтқарушылар оқиға орнына дереу жетті.

Автосаты арқылы жоғары көтерілген олар баланы дер кезінде құтқарып, қайғылы жағдайдың алдын алды.

Сол сәтте ата-анасы үйде болмаған, ал пәтердің есігі іштен құлыптаулы болған.

Құтқарылған бала кейін полицияға тапсырылды.