BANNER

Алматыда екі автобус соқтығысып, 1 адам қаза тапты

-

Алматыда екі автобус соқтығысып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылы қиылысында болған жол апатының кадрлары пайда болды. Екі автобус соқтығысып, жолаушылар арасында зардап шеккендер бар екені хабарланды.

Алматы қалалық Полиция департаменті 98 және 201-бағыттағы екі қоғамдық көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, алдын ала мәлімет бойынша 15 адам зардап шеккенін хабарлайды.

Дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Сараптамалар тағайындалды.