Алматыда пышақ ұстаған ер адам маңайындағы адамдарды қуып, тұрғындарды шошытты

Фото: Life09

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиғаның видеосы желіде тарады.

Видеодан ер адамның пышақ ұстап, тұрғындарды қуып, терезелерге тас лақтырғанын байқауға болады.

Қалалық полицияның мәліметінше, түрғындардың зәресін алған адам ұсталған. Ол полиция бөліміне жеткізілген.

Тексеру кезінде ер адамның алкогольдік мас күйде болғаны анықталды.