BANNER

Алматыдағы оңалту орталығында болған оқиға: қызметкер қамауға алынды

Фото: Gemini ИИ

Алматыда балаға қатыгездік көрсетті деген күдікпен оңалту орталығының қызметкері ұсталып, қамауға алынды.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада қызметкердің кішкентай баланың қолын қайырып, мойнынан ұстап, күштеп еңкейткені байқалады.

Қазір тергеу жүргізілуде. Бейнебақылау камераларының жазбалары мұқият тексеріліп, куәгерлер мен оқиғаға қатысы бар өзге тұлғалардан жауап алынуда.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Дереккөз: @baq_kz