BANNER

Алуа Балқыбекова бокстан Азия чемпионы атанды

-

Амманда (Иордания) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

48 келі салмақта финалға шыққан Алуа Балқыбекованың қарсыласы жапон қызы Като Кикарудың сол қолынан жарақат алуына байланысты финалдық жекпе-жектен бас тартты. Сөйтіп Алуа Балқыбекова Азия чемпионы атанды.

Алуа биылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Ол кезде финалда түрік қызынан басым түскендей еді. Бірақ төрешілер жеңісті Түркия спортшысына берген болатын.