Десе де ол мүсінді орнату кезінде мүлде болмаған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Бұл іске әкімдік жауапты болғанына қарамастан мүсінші Дмитрий Баймұқашев 1,5 жылға сотталып кетті. Сондай-ақ ол жәбірленушілерге өтемақы төлеуге міндеттелді.
Ескерткіштер 2020 жылы әкімдіктің бастамасымен рұқсат пен техникалық қадағалаусыз орнатылған. Олар қаланың балансына алынбаған.
Нәтижесінде жауапкершілік тек мүсіншіге жүктелді. Ал мүсінші пандемия кезінде ескерткіштің орнатылуына қатыспағанын айтты. Ол бұл жұмысты мердігер компанияға тапсырған. Дегенмен сол компания өкілдері іс бойынша куәгер ретінде ғана танылған.
Айта кетейік, қайғылы оқиға былтыр 26 маусым күні болған еді. 7 жасар қыздың үстіне 200 келілік ескерткіш құлап, ол ауруханада көз жұмды.
Атырауда үстіне ескерткіш құлаған 7 жасар қыздың өліміне мүсінші кінәлі деп танылды

Фото: Life09