Бағдарламаның ұйымдастырылу сапасына халықтың көңілі толмауда.
16 мамырда Қазақстанда 4%-бен жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылды.
Орталықтар ашылмай тұрып-ақ ұзын сонар кезектер қалыптаса бастады. Әңгіме Тұран даңғылы бойындағы, сондай-ақ елорданың басқа да ірі автосалондары туралы болып отыр. Атап айтқанда, біз Chevrolet, KIA, Lada, JAC, Hyundai автокөліктерін сатуға маманданған орталықтар туралы айтып отырмыз,- деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Орта есеппен әрбір автосалонда 25-50 адамнан кезек күтіп тұрды.
Көбінің айтатыны “елде көлік тапшылығы бар” деген ақпарат.
Айтпақшы, бағдарламаның шарты бойынша несие көлік болған жағдайда ғана беріледі. Байгағанымыздар, салондар белгіленген уақытта ашылды, бірақ кейбірінде банк өкілдері болмады. Ал бұл халықтың наразылығын тудыруда.
Өкініштісі көлік тапшылығы туралық ақпарат расталғандай. Себебі сату менеджерлері автолардың келесі партияны 3-4 айдан кейін ғана келетінін айтуда. Жеңілдетілген бағдарлама бойынша темір тұлпар тізгіндеуді жоспарлағандар көліктертек каталогтардан қарай алады, бірақ олардың қашан келетінін және қазіргі бағамен қолжетімді бола ма? Бұл сұраққа ешкім нақты жауап айта алмады. Осылайша жаңа жобаның жүзеге асырылуына көңілі толмаған сатып алушылар жарты сағаттан кейін автосалондардан кете бастады.
Айта кететіні, сату орталықтарының өзінде сауданы ұйымдастыру процесі де дұрыс ұйымдастырылмаған. Кезектің өзі бірнеше қатарға бөлінген. Сондықтан сатып алушылар арасында түсініспеушіліктер көп. Автосалондардағы банктердің несие менеджерлері де бағдарлама бойынша толық ақпараттың жоқ екенін жеткізді.