Азаматтық ұстаным үлгісі

Сурет: Автордан

Ақадыр кентіндегі №598 Құрылтай сайлау учаскесінде Шет ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі жазушы Өмір Кәріп дауыс берді.

– Азаматтық жасқа жеткеннен бері ешқашан сайлаудан қалған емеспін. Әрдайым дауыс беріп келемін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз мәңгі болғай! – деді жазушы Өмір Кәріп. Ұзақ жылғы еңбек жолы мен әдебиеттегі шығармашылығы арқылы елге үлгі болып жүрген қаламгердің бұл қадамы – азаматтық белсенділіктің жарқын көрінісі. Қарапайымдылығы мен елге деген сүйіспеншілігімен танылған қаламгердің Құрылтай сайлауына қатысуы әр азаматтың ел болашағына жауапкершілікпен қарауы керектігін аңғартқан тағылымды сәт болды.

Нұрдос КӘРІМ «Ortalyq Qazaqstan»