BANNER

Бейжіңде Қазақ-Қытай іскерлік кеңесінің 8-отырысы басталды

Aqorda.kz

Бүгін Бейжің қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсяннің қатысуымен Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің сегізінші отырысы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды LIFE09 АА  Ақордаға сілтеме жасап.

Ауқымды іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары мен бизнес қауымдастықтарының 500-ден астам өкілі қатысты. Олардың қатарында Қытайдың 70-тен аса ірі корпорацияларының басшылары бар.

Отырыс басталар алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың алпауыт компанияларының жетекшілерімен кездесіп, естелік суретке түсті.

Қазақ-қытай іскерлік кеңесі – екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған маңызды алаң.