BANNER

Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облысының тұрғындарын қабылдады

gov.kz

Қарағанды облысының түрлі аудандарынан келген тұрғындар аймақ әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың жеке қабылдауына қатысып, өздерін толғандырған өзекті мәселелерін көтерді. Талқыланған тақырыптар жолдардың сапасы мен елді мекендерді абаттандырудан бастап, ауыл шаруашылығын қолдау және әлеуметтік проблемаларға дейін қамтыды.

Описание: https://www.gov.kz/uploads/2025/9/1/2fc07a2ea47881a2e7e30668361c9bfe_original.73698.jpg

Көтерілген өтініштердің арасында бала кезінен мүгедектігі бар, 18 жасқа толған азаматтарды кешенді қолдау мәселесі де болды. 

Описание: https://www.gov.kz/uploads/2025/9/1/83e01e50fa103117353798cf90231b7a_original.48202.jpg

Сонымен қатар, тұрғындар Ащысу – Шешенқара бағытындағы жолдың нашар жағдайына шағым білдірді.

Описание: https://www.gov.kz/uploads/2025/9/1/a6c21ee71bac17ed1949d8ca4002b661_original.76517.jpg

Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы өндірушілері жайылымдық жерлердің жетіспеушілігіне назар аударды. Олардың айтуынша, бұл мал шаруашылығын дамытуға әрі мал басын арттыруға айтарлықтай кедергі келтіріп отыр. Әкім бұл мәселені тиісті ведомстволар мен уәкілетті органдардың қатысуымен жан-жақты қарастыруды тапсырды.

Описание: https://www.gov.kz/uploads/2025/9/1/f2f0e574bd20a9be9f42d31c475a284e_original.78269.jpg

Абаттандыру мәселелері де көтерілді. Тұрғындар көпқабатты үйлердің қасбеттері мен балкондарына жөндеу жүргізу қажеттігін айтып, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен атқарушы билік арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Описание: https://www.gov.kz/uploads/2025/9/1/904e1f57d4cac82fdf70694af3e7ed2c_original.68655.jpg

— Мен жеке қабылдауларды тұрақты өткіземін, ал өңірлерге сапар барысында азаматтарды тікелей қабылдаймын. Мұндай кездесулердің маңызы зор, өйткені олар тұрғындардың нақты проблемалары мен ұсыныстарын көзбен көруге әрі құлақпен естуге мүмкіндік береді. Кейде мәселе ұсақ болып көрінуі мүмкін, бірақ белгілі бір отбасы үшін ол өте өзекті. Біздің міндетіміз — мүмкіндігінше көмек көрсету, — деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Описание: https://www.gov.kz/uploads/2025/9/1/8e48762a89d6bbfaa455d9d7e3bfd792_original.63931.jpg

Қабылдау барысында бірқатар мәселелер сол жерде шешімін тапты. 

Описание: https://www.gov.kz/uploads/2025/9/1/bfde82f889b85953b6cae10984dd4c0a_original.79699.jpg

Қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер бақылауға алынып, олар бойынша тиісті қызметтер мен ведомстволар нақты жұмыстар жүргізетін болады.