Экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды LIFE09 inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта Аймағанова мемлекеттік айыптауды қолдау және Астана қаласы прокуратурасының апелляциялық сатысына қатысу басқармасының бастығы қызметін атқарады.
"Подполковник шенін алыпсыз. Құттықтаймын!", "Подполковник шені құтты болсын", "Шеніңіз құтты болсын, жоғарылай беріңіз!", - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысына айыптаушы тараптың өкілі – Айжан Аймағанова әділет майоры шенінде қатысқан еді.