Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың туған ағасы Айтбек Амангелді әлеуметтік желідегі парақшасына "Бау" ресторанында болған оқиғадан скриншот жариялады, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.
Оның мұндай қадамға баруына кінәліні қорғаған адвокаттардың жалған мәлімдемелері себеп болғанын атап өтті. Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың қорғаушылары болған оқиғаның шындығын жасырып, жалған ақпарат таратып отырғандарын жеткізді.
Адвокаттар оны ұрмады деп отыр. Алайда, бізде әртүрлі бұрыштардан, дененің әр жеріне қайта-қайта соққылар мен тепкілеген сәті түсірілген видео бар. Медициналық сараптама қорытындысы (видеодағы скриншоттар) бар, онда сарапшылар тек басынан кем дегенде 13 соққы болған деген қорытындыға келеді, - деп жазды Айтбек Амангелді.
Естеріңізге сала кетейік, адвокат Назкен Қусаинова экс-министрдің мұның жазатайым оқиға екенін және ол әйелін әлі жақсы көріп, қайғыратынын жеткізген еді.