2020 жылы сол клиникада липосакция операциясынан кейін өлім жағдайы тіркелген. Тексерістен соң санитарлық рұқсаттан айырылған. Кейін басқа заңды тұлғаның атын тіркеп, атауын өзгерткен, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Бастапқыда лицензияны Алматы әкімдігі берген. 2021 жылдан бастап лицензиялау функциясы Денсаулық сақтау министрлігі Медфармбақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне берілген.
Дегенмен комитет төрағасы мұндай әрекеттің заңға қайшы емес екенін айтады. Айтуынша, егер медициналық ұйым барлық талаптарға сай болса, лицензия алып, медициналық көмек көрсете алады.
Блогер Сәуле Базарханова ажал құшқан клиникада бұрын да пластикалық отадан бір адам көз жұмған
Фото: ЖИ ChatGPT