«Қазгидромет» РМК қыркүйектің 7-сіне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жуады, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның қалған аумағында күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, күндіз солтүстігінде бұршақ жауып, дауыл тұрады.
Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Ұлытау, Абай облысының оңтүстігі мен шығысында, Қарағанды облыстарының оңтүстігі мен шығысында және батысында төтенше өрт қаупі сақталады, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қатты ыстық болады.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығып, түнде және таңертең жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыста, батыстан жел соғады, күші 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 16-18, күндіз 18-20 градус жылы болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауаның температурасы түнде 20-22, күндіз 33-35 градус жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығып, күн жауын-шашынсыз болады. Шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 36-38 градус жылы болады.