Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданында, Атамекен ауылы маңында екі жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі gov.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға туралы хабар 112 қызметіне түскен.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар көліктерді қардан шығарып, жолдың тазартылған бөлігіне жеткізді. Салонда болған жеті адам дін аман.
Құтқару жұмыстары аяқталған соң автокөліктер Қарағанды қаласына дейін сүйемелденді. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады.
Бұқар Жырау ауданында қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды
Фото: Gemini ИИ
