Бұқар жырау ауданында ауыл шаруашылығы кооперативтері дамып, сүт өнімдерін өндіру көлемі өсуде. Үштөбе ауылындағы сүт өңдеу цехы бүгінде май, қаймақ, сүзбе, ірімшік пен құрт өндіріп, өнімдерін мектептер мен басқа да мекемелерге жеткізуде.
Кәсіпорын жаңа жабдықтар сатып алып, өңдеу көлемін тәулігіне 3 тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар ауданның құс шаруашылығында да заманауи технологиялар енгізіліп, өндіріс көлемін ұлғайту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.