Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл жағдай Шымкентті болған. "The Coca-Cola Company" компаниясы күмәнданып, тексеріс жүргізуге өтініш жасаған. Сосын базарларға тексеріс жүргізілген.
Нәтижесінде өнімдердің заңсыз өндірілгені, таңбалау талаптарының бұзылғаны және рұқсат құжаттарының жоқ екені анықталды. Аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.
Әділет министрлігі контрафактілік өнімдер тұтынушылар денсаулығына да қауіп төндіретінін айтты.